Қазақстан вакцинацияны заңмен міндеттеуді қарастырып жатыр

Көрнекі сурет

Қазақстанда вакцинацияны заңды түрде міндеттеу мәселесі қарастырылады деп мәлімдеді дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет үйінде өткен брифингте.

«Қазіргі уақытта вакцинацияны міндетті түрде талап ету мәселесі талқыланып жатыр. Бұл ұсынысты жақтаушылар да, қарсы тарап та бар. Біз барлық тараптың пікірін ескеруіміз керек. Әзірше, бұл мәселеге қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ» деді ол.

Қазақстанда бұған дейін мыңдаған ата-ана діни себеппен балаларына екпе салдырудан бас тартқан. Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің дерегінше, елде 10 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырмай қойған. Олардың басым бөлігі - Ақтөбе облысында.

Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңында азаматтардың «профилактикалық екпелерді алуға» және «медициналық көмек азаматтардың келісімінсіз көрсетілетін жағдайлардан басқа уақытта одан бас тартуға» құқығы бар екені жазылған.

Қандыағаштағы «екпе дауы»