Қазақстанда "Қазақ туризм" ұлттық компаниясы құрылды деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 19 шілдеде Астанадағы үкімет үйінде өткен брифингте.
"Бұл акционерлік қоғамның міндеті Қазақстандағы туризмді дамыту, елге келетін шетелдіктердің санын көбейту және екінші инвестиция тарту болмақ. Біз ұлттық компания арқылы туристік салаға инвесторлар тартқымыз келеді. Бұл шаруашылық субъектілерінің құрылуына түрткі болады" деді ол.
Министрдің айтуынша, ұлттық компания қызметкерлері алғашқы жылы мемлекеттік бюджет қаржысынан жалақы алады, компания одан кейін өзін-өзі қаржымен қамтамасыз етуге көшеді.