Мемлекеттік департаменттің терроризм туралы есебінде "2016 жылы Тегеран антиизраильдік топты қолдады, Ирак, Сирия және Йемендегі жағдайды ушықтыру үшін Ауғанстан және Пәкістандағы шиит еріктілерді жинады" деп жазылған. АҚШ-тың пайымдауынша, Иран Ливандағы "Хезболлах" тобын жан-жақты қолдап отыр.
Есепте "2016 жылғы терактілердің көбін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жасаған" деп көрсетілген.
АҚШ Иранды 1984 жылдан бері терроризмнің басты демеушісі деп айыптап, санкциялар сала бастаған.