Ресейдің Сириядағы әскери операциясының шығыны 108-140 миллиард рубльді құрайды. Бұл туралы "Яблоко" партиясына сілтеме жасаған "Ведомости" газеті хабарлады.
Ресейлік әскерилердің Сирияға ұшуы шығыны 90-170 миллиард рубль болған. 71 миллиард рубль қанатты ракеталарды ұшыруға жұмсалған. Құны 11 миллиард рубль тұратын әскери техника істен шыққан.
102 миллион рубль Сирияда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына төленген. Ресми дерек бойынша, Сирияда 34 ресейлік әскери қаза тапқан.
Ресейдің қорғаныс министрлігі "бұл деректерде көп қателіктер жіберілген, миға симайды" деді.