Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан сурдлимпиадада Қазақстан алғашқы медалін алды.
Дзюдодан 66 килограмм салмақ дәрежесінде Шаяхмет Қанапянов күміс жүлде иеленді. Ол алғашқы кезеңде түркиялық Юлдуз Энесті, ширек финалда украиналық Владислав Мозуревті, жартылай финалда ирандық Али Голханиді жеңді. Шаяхмет Қанапянов финалда ресейлік Руслан Аскеровтен жеңілді.
Сурдлимпиада - есту қабілеті нашар спортшылар арасында өтетін жарыс. Самсундағы ойындарға әлемнің 150 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстаннан сурдлимпиадаға 50 спортшы барған. Жарыс 30 шілдеде аяқталады.