Siemens Ресейге құрал-жабдық жіберуді тоқтатады

Siemens газ құбырлары.

Германиялық Siemens технологиялық канцерні ресейлік компанияларға құрал-жабдық тасымалдаулы тоқтататынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде "2016 жылы Краснодар аймағының Siemens компанисынан алған газ құбырлары кейін заңсыз түрде Қырымға жеткізілген. Бұл - келісім шартты және Еуроодақ ережесін бұзу" жазылған. Siemens компаниясы газ құбырларын жеткізуші "Интеравтоматика" кәсіпорнымен бірге жұмыс істеуді тоқтатқан. Германиялық компания сатылған газ құбырларын қайтаруды және келісім-шартты үзуді ұсынды.

11 шілдеде Siemens Мәскеу арбитраж сотына ресейлік компанияларға қарсы шағым түсіріп, құбырларды қайтаруды талап еткен. Кремль Қырымдағы газ құбырлары ресейлік өнім екенін мәлімдеді.