ОҚО: әкім кеңесшісі мен депутат жол апатынан қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Самара тас жолындағы көлік апатынан екі адам қайтыс болып, бір адам жарақаттанған. Бұл туралы Facebook желісінде Түркістан қалалық прокуратурасының прокуроры Руслан Абраимов хабарлады.

Ресми дерек бойынша, 23 шілдеде Шымкент-Самара тас жолының 107 шақырымында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай және облыстық мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев мінген машина жол жиегінде тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған. ГАЗ-53 көлігі жолда бұзылып тұрғаны хабарланды.

Жергілікті БАҚ жексенбіде Алматы-Қапшағай тасжолында шағын автобус пен кроссовер соқтығысып, бес адам жарақат алған.