Ташкентте Умида Ахмедованың көрмесі ашылды

Умида Ахмедова Ташкенттегі көрмесінде.

24 шілдеде Ташкенттегі Zero Line Gallery жеке галереясында кинодокументалист және фотограф, Өзбекстан киноматография одағының мүшесі, Азаттыққа бірнеше фотогалереялары мен фоторепортаждары шыққан Умида Ахмедованың көрмесі ашылды.

Көрмеге автордың фото және видеоматериалдары қойылған.

— Жұмысымды өзбекстандықтардың көргенін қалаймын. Өнер арқылы адамның көңіл күйі мен эмоциясын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы мәселелерді көрсетуге болады, - дейді ол.

Халықаралық Human Rights Foundation ұйымы 2016 жылғы Вацлав Гавел атындағы "Шығармашылық қарсылығы үшін" сыйлығына өзбекстандық фотограф Умида Ахмедовға берген.

Фотограф Өзбекстанның ауылдық жерлері мен шынайы тұрмысын көрсететін фотолары үшін "елдің имиджіне нұқсан келтірді" деген сынға қалып, үкіметтің кәріне жиі ілініп жүр. Умида Ахмедованың Азаттық сайтында жарияланған фотогалереяларын және видеоларын мына жерде көре аласыздар.