Украина АҚШ-тағы сайлауда ешкімді қолдамағанын айтты

Украина президенті Петр Порошенко мен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі кездесуде.

Украинаның АҚШ-тағы елшілігі 2016 жылғы сайлау кезінде Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонды қолдады деген айыптауды жоққа шығарды.

"Украина билігі бірде-бір кандидатқа көмектескен жоқ" деп жазылған елшіліктің хабарламасында.

Осыған дейін Дональд Трамп твиттерде "Украина АҚШ-тағы сайлауда Хиллари Клинтонның кандидатурасын қолдаған" деп айыптап, елдің бас прокуроры Джефф Сешнстен осы мәселені тексеруді сұраған.

Екі апта бұрын ФБР басшылығына кандидат Кристофер Рей Украинаның АҚШ-тағы сайлауға араласуын тексеруге дайын екенін мәлімдеген.