Алматы облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Алматы облысы Панфилов ауданында құлаған ЯК-12 ұшағы. 27 шілде 2017 жыл (Суретті Панфилов ауданы прокуратурасы ұсынды)

Алматы облысы Жаркент қаласынан 10 километр жерде "Қазавиа" әуе компаниясына тиесілі ЯК-12 ұшағы құлап, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Ұшақ апатының болғанын Азаттыққа төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оқиға 27 шілде таңертең Алматы облысы Панфилов ауданы, Шолақай ауылының маңында болған. Ұшақ жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген. Азаматтық авиация комитеттің хабарлауынша, қазір ұшақ құлаған жерде химиялық тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Ұшақ апатына байланысты тергеу басталды.