Қызылордада кәріз стансасында 4 адам қайтыс болды

Көрнекі сурет.

Қызылордада кәріз насосы станциясындағы жөндеу жұмыстары кезінде төрт адам қаза тауып, бір адам ауруханада жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, Қазақпарат агенттігі хабарлады

Оқиға 26 шілдеде болған. Департаменттің хабарлауынша, "зардап шеккендер барлығы - «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің жұмысшылары. Олар №1 кәріз насосы станциясындағы ақауды жөндеумен айналысып жатқан. Жұмысшылардың барлығы қауіпсіздік құрылғыларын пайдаланбаған. Жұмыс кезінде кәріз құрылғыларынан газ бөлініп, жұмысшылардың бірі уланып, оны құтқаруға келген өзге жұмысшылар да газдан зардап шеккен.Екі жұмысшы сол жерде қайтыс болған, тағы екі азамат ауруханада көз жұмды. Газға уланған бесінші адам есін жиған".