Браудер: Путин - әлемдегі ең бай адам

Hermitage Capital инвестициялық қорының жетекшісі Уильям Браудер.

Британиялық Hermitage Capital инвестициялық қорының жетекшісі Уильям Браудердің пайымдауынша, "Ресей президенті Владимир Путин - әлемдегі ең бай адам". Қордың есебінше Путиннің байлығы 200 миллиард долларды құрайды.

Қаржыгер 27 шілдеде АҚШ Сенатының әділет бөліміне түсінік берді. Әділет бөлімі Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуы мүмкін деген фактіні тексеріп жатыр.

Браудердің ойынша, "Путин АҚШ-тың Ресей компаниялары мен жеке тұлғаларына салған санкцияларын жойғысы келеді. Осы мақсатта ресейлік заңгер Конгресс мүшелерімен және АҚШ президенті Трамптың кіші ұлымен кездескен".