Путин Сириядағы әскери базаны ұзақ уақытқа жалға алу туралы заңға қол қойды

Сириядағы ресейлік СУ-34 ұшақтары.

Владимир Путин Сириядағы Ресейдің авиабазасын 49 жылға сақтау, кейін 25 жылға автоматты түрде созу туралы заңға қол қойды. Путин қол қойған заң 27 шілдеде президенттің ресми сайтында жарияланды.

Биыл қаңтарда Мәскеу мен Дамаск Латакия маңындағы Хмеймим авиабазасын пайдалану туралы хаттамаға қол қойған. Ресей 2015 жылдан бері осы авиабазаға орналасып, Сирия президенті Башар Асад әскеріне көмектесіп келеді.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сириядағы Тартус портын тұрақты түрде қолдану туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаған.