Ресей президенті жанындағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Анна Кузнецова Коми респубикасындағы Пажгинск мектеп-интернатында балаларды у балдырған өсімдігін жинауға мәжбүрлеген деген ақпаратқа қатысты аталған мекемені тексеру қажеттігі туралы мәлімдеді.
Бұған дейін ресейлік бірқатар баспасөз құралдары мектеп-интернатте тәрбиеленушілерді улы өсімдікті жалаң қолмен жұлуға мәжбүрлегені, салдарынан бірнеше жасөспірімнің қол-аяғы күлдіреп, зардап шеккені туралы хабарлаған.
Құқық органдары бұл оқиғаға байланысты "қызмет өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Ресей президенті жанындағы балалар омбудсмені Анна Кузнецова аппарат қызметкерлерін мектеп-интернатты тексеруге жіберетіні туралы хабарлаған. Оның сөзінше, еңбекпен тәрбиелеудің ешбір түрі бала денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс.