Қырғызстанда милиция қызметкерлері Сирияда соғыс жүріп жатқан аймаққа кетпекші болған 34 жастағы азаматты ұстаған.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, шілде айында Шу облысы ішкі істер басқармасының қызметкерлері заңсыз қару-жарақ және экстремистік пиғылдағы материалдарды сақтады деген күдіктіні қолға түсірген.
Хабарға қарағанда, күдікті Сирияға кетуге дайындалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған ер азамат қамауға алынған.