Қырғызстанда 31 шілдеде президент сайлауына түсуге өтініш беру аяқталып, президент сайлауына қатысқысы келетіндер саны 59-ға жетті.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 31 шілдедегі мәлімет бойынша саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам ұсынылған, өзін өзі ұсынғандар саны - 48 адам. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінде "Ата Мекен" партиясының жетекшісі, коррупциялық айып тағылып, қамауда отырған Омурбек Текебаев пен экс-депутат Садыр Жапаров бар.
Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.
ОСК президенттікке кандидаттардың түпкілікті тізімін 10 қыркүйекте шығарады.