АҚШ Ресей мен Беларусь бірлесіп өткізетін "Батыс-2017" әскери жаттығуын мұқият қадағалайды.
3 тамызда Еуропадағы АҚШ күштерінің қолбасшысы, генерал Джон Хили Мәскеудің ниеті "аса таза емесін", себебі әскери жаттығуға батыс бақылаушыларын шақырмағанын мәлімдеді. Ол таяуда Қара теңіз аймағында өткен АҚШ пен НАТО-ның әскери жаттығуына ресейлік бақылаушылардың келгенін айтты.
Генерал Ресей агрессиясының күшеюіне байланысты АҚШ 2018 жылы НАТО-дағы одақтастарымен бірлесіп ірі 11 әскери жаттығу өткізетінінен де хабардар етті.
Бұған дейін 14-20 қыркүйекте Ресей және Беларусь территорияларында өтетін "Батыс-2017" әскери жаттығуына 13 мың әскер мен 680 әскери техника жұмылдырылатыны хабарланған.