Мәскеуде саяси репрессия құрбандарына арналған мемориал орнатылады

Ресейдің Карелия аймағында саяси репрессия құрбандарына орнатылған ескерткіш (Көрнекі сурет).

Мәскеуде Ресейдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жалпыұлттық мемориал орнатылады. "Қасірет қабырғасы" деп аталатын мемориал академик Сахаров даңғылы мен Содовое айналма жолының қиылысында орналасады. Әзірге ескерткішті арнайы полотномен жауып қойған. Ескерткіш ресми түрде қазанның соңында - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ашылады.

Екі қабатты үйдің биіктігіндей болатын кешен бірнеше аркасы бар қабырғадан тұрады. Қабырғада бірнеше тілде "Жадыңнан шығарма" деген жазу жазылады. Мемориал территориясының айналасына ГУЛАГ-тың бұрынғы лагерлері мен түрмелерінен әкелінген тастар төселмек.