Жамбыл облысы мәслихатының депутаты өлі күйде табылған

Қазақстан картасындағы Жамбыл облысы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев "асылып қалған жерінен табылғаны" хабарланды. Облыс прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаевтың 7 тамызда журналистерге хабарлауынша, оқиға 5 тамыз күні болған. Прокурор 56 жастағы Қайрат Терлікбаевтың "5 тамызда Луговойдағы өз үйінде асылып тұрғанын депутаттың әйелі көргенін" айтты.

Алдын ала нұсқа бойынша, ол "өз-өзіне қол салған" болуы мүмкін. Бұл оқиға бойынша "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабымен тергеу жүріп жатыр.

Прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, марқұмның денесінен зорлық іздері байқалмаған. Сот-медициналық сараптама Меркі ауылында жүргізіледі. Терлікбаев қоштасу хатын тастамаған.

Қайрат Терлікбаев "Қазақстан темір жолы" компаниясының филиалы "Луговой рельс желімдеу кәсіпорынының" директоры болып қызмет атқарған.