Алматыда жерасты дүмпуі сезілді

Көрнекі сурет.

"Алматыда жергілікті уақыт бойынша 9 тамыз күні сағат 5:28-де магнитудасы 4-ке тең жерасты дүмпуі сезілді" деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-методологиялық орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 километр қашықтықта, Қытай территориясында тіркелген. Әзірге дүмпуден зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жер сілкінісі Қытайдың солтүстік-батысында болғанын хабарлады. Орталық мәліметінше, мұндағы жер сілкінісінің қуаты 6,3 магнитуданы құраған.