Ақмола облысының Целиноград аудандық сотының судьясы Төлеген Тұрғынбаев Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозовтың қайтадан құрылыс-экономикалық сараптама жасату туралы өтінішін орындамады. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Бақыт Қайыржанова хабарлады.
Өмірбек Жампозов Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгені жымқыру айыбы бойынша істегі алты күдіктінің бірі. Ол 20-шілдеде Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратына шабуыл жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерін жарақаттаған. Кейін ол өз-өзін атып өлтірген.
Өмірбек Жампозовтың өкілі ретінде сотқа қатысып жатқан оның ұлы Асылжан Жампозов бұған дейін істі тоқтатуға қарсылығын білдірген болатын.
Сонымен бірге, бүгінгі сотта прокурор Айымгүл Жаманбалина тағы бір күдікті Асқар Төлеуовпен сот-процесуалдық келісім жасаудан бас тартты. Кеше абақтыда отырып, сотқа кісенмен әкелініп жүрген "ЛигаФинанс" құрылыс компаниясының құрылтайшысы Асқар Төлеуовтың адвокаты Таңат Жүнісов мемлекеттік айыптаушымен сот-процесуалдық келісім жасауға өтініш білдірген. Прокурор өтінішті қарап, талқылайтынын мәлімдеген.
"ЛигаФинанс" - Преображенское су торабына жөндеу жасаудағы қосалқы мердігер компания.
Бұл іс бойынша соттың жарыссөзі келесі аптаның сейсенбісіне, 15 тамызға белгіленді.
Өмірбек Жампозовтың өлімінен кейін Қазақстан бас прокуратурасы "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша іс қозғалып, қаржы жымқыру айыбы бойыyша істің қайта тергеуге жіберілгенін хабарлаған.
8 тамызда ішкі істер министрлігі Асылжан Жампозовтың өзінің үстінен Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша іс қозғалғанын хабарлаған.
ВИДЕО: Өмірбек Жампозовтың ісін қайта тергеу (24.07.2017):
Your browser doesn’t support HTML5