Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 453 километр қашықтықта 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.
Астана уақыты бойынша сағат 10:14 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң аймағында, жер қабатының 10 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6.
Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.