Қазақстанда туған хакер Баратов АҚШ-қа экстрадициялануға келісті

Карим Баратовтың Онтарио қаласында ұсталғаны туралы канадалық БАҚ ақпаратынан алынған сурет. Канада, 16 наурыз 2017 жыл.

Қазақстанда туған, Ресей тыңшыларымен бірігіп, Yahoo желісіндегі жарты миллиард есептік жазбаларды бұзып кірді деп айыпталған 22 жастағы Карим Баратов өзін Канададан АҚШ-қа экстрадициялауға келісті. Бұл туралы тамыздың 18-і күні хабарланды.

АҚШ прокурорлары Баратов пен тағы үш адамды 2014 жылы Yahoo аккаунттарын жаппай бұзған деп айыптайды. Баратов Канадада наурыз айында Вашингтон өтініші бойынша тұтқындалған. Оның адвокаты Амедео ДиКарло клиентінің АҚШ-қа экстрадициялауға келіскенін айтады.

Қазақстан үкіметі ертеректе Баратовтың Қазақстан азаматтығынан 2011 жылы шығып кеткенін, Канада азаматтығын алғанын хабарлаған еді. Адвокатының сөзінше, Баратовпен байланысты іс бойынша айыпталған тағы бір адам былтыр Ресейде ұсталған. Екі күдікті Ресейде жүр деген болжам айтылады.