АҚШ-тың мейрамханалар желісі Қазақстанда да ашылмақ

Кристофер Уинн, Papa John's пицца мейрамханаларыы желісін ашатын PJ Western компаниясының иесі әрі атқарушы директоры. Мәскеу, 21 шілде 2017 жыл.

Papa John's халықаралық пицца мейрамханаларының желісі Қазақстан мен Қырғызстан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылғанын хабарлады. Мейрамхана желісін ашатын PJ Western компаниясының бас кеңсесі АҚШ-тың Кентукки штатында орналасқан.

Компания 24 тамызда келісімде Қазақстанда алдағы бес жылда 16 мейрамхана ашу қарастырылғанын, алғашқы мейрамхана "таяудағы бірнеше айда" Алматыда ашылатынын айтады. Келісім шарттары бойынша, алдағы үш жылда Бішкекте алты мейрамхана ашылмақ. Жоспарға сай, Бішкектегі алғашқы желі мейрамханасы 2017 жылдың соңына дейін ашылады.

Америкалық компания сонымен қатар Польшада осы жылдан бастап 23 мейрамхана ашуды жоспарлап отыр. "Біз Ресейдегі жетістігіміз Қазақстан, Қырғызстан мен Польшаға да өтеді деп сенеміз" деді PJ Western компаниясының иесі және атқарушы директоры Крис Уинн.

Компания Papa John's желісінің Ресейде 110, Беларусьте сегіз, Әзербайжанда төрт мейрамханасы барын айтады.