Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан

Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыдағы Достық даңғылы мен Чаикина көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жергілікті баспасөз құралдары жол-көлік апатынан оншақты адам зардап шеккен, олардың екеуі - балалар деп хабарлады.

Қалалық ішкі істер департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, Достық даңғылымен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан қала ішінде жолаушы тасымалдайтын 12-маршруттағы автобуске жолдың қарсы бағытына шығып кеткен Mercedes маркалы жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлікті жүргізген жас әйел зардап шеккен.

Қазір полиция апаттың себептерін тексеріп жатыр.