Трамп "Харви" дауылынан зардап шеккен Техасқа барды

Дональд және Мелания Трамптың Техасқа ұшар алдында түскен суреті.

АҚШ президенті Дональд Трамп 29 тамыз күні Техас штатындағы Корпус Кристи және Остин қалаларына барды. Ол штат тұрғындарын федералдық билік "қамқор болатынын" айтып тыныштандырды. Трамп табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру жұмысы "үлгілі түрде" жүргізілетінін мәлімдеді.

Президент Трамп "Харви" дауылынан ең көп зардап шеккен Хьюстон қаласына бармады. Президенттің Хьюстонға бармауын, оның суға кеткен үйлерден адамдарды құтқару операцияларына бөгет жасағысы келмегенімен түсіндірді.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, штатта 22 адам қаза тапқан. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен адамдар бар. Олардың саны айтылмайды. Техас штатында "Харви" дауылы 25 тамыз күні болған еді.