АҚШ НАТО-ға мүше Литва, Латвия және Эстонияға қосымша әскери ұшақтар жіберді. Олар Ресейдің Балтық бойы елдеріне жақын шекарасында "Батыс" әскери оқу-жаттығулары өтіп жатқан кезде НАТО елдерінің әуе кеңістігін қорғайды.
"Батыс" жаттығуы 14-20 қыркүйек аралығында Беларусьте, Ресейдің батысында және Калининградта өтеді. Бұл жаттығу аймақта алаңдаушылық туғызып отыр.
Осы аптада Литваның Шяуляй аэродромына АҚШ-тың F-15C маркалы жеті әскери ұшағы қонды, олар Балтық елдерінің әуе кеңістігін күзетеді.
Балтық бойындағы үш мемлекетінде мұндай әскери ұшақтары жоқ, олар НАТО ұйымындағы одақтастарына сүйенеді. Сонымен бірге Балтық елдерінде қосымша 600 АҚШ сарбазы орналастырылған.