Алматының іргесіндегі Шамалған станциясы маңында "Астана – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы қаққан әйел адам қаза болған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы" акцинерлік қоғамы хабарлады.
Компания сайтында жарияланған ақпаратта қыркүйектің 2-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 7:38 кезінде машинист темір жолды қиып өтпек болған жаяу жүргіншіні байқап қалып, тежегішті шұғыл іске қосқанымен, пойыз жолынан кетіп үлгермеген әлгі адамның қазаға ұшырағаны айтылған.
"Оқиға болған сәтте құлаққап тағып алған ол адам пойыз машинисі берген дабыл дауысын естімеген", - делінген компания ақпаратында.
Қаза болған адамның аты-жөні анықталған. Ол туралы ақпарат жергілікті полиция бөліміне тапсырылған.