Парламент палаталарының біріккен жиыны басталды

Қазақстан парламентінің біріккен жиыны, Астана (Көрнекі сурет).

Астанада дүйсенбіде парламент палаталарының біріккен жиыны ашылды. Жиынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Қазақстан парламентінің депутаттары 30 маусымда екінші сессия жұмысын аяқтап, екі айлық демалысқа шыққан. Депутаттар соңғы сессияда 84 заң жобасын, оның ішінде конституцияға түзетулер мен өзгерістерді қабылдаған. Парламент президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған президент пен парламент және үкімет арасында билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы түзетулерді екі күнде қарап, мақұлдап тастаған.