Оңтүстік Қазақстанда биыл 31 адам суға кетіп қаза болған

Your browser doesn’t support HTML5

КӨРНЕКІ ВИДЕО: Қазақстанда 300-ге жуық адам суға батқан.

«Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 31 адам суға кетіп қайтыс болды, олардың 17-сі – кәмелет жасқа толмаған балалар» деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Сондай балалардың бірінің сүйегі 7 қыркүйек күні табылған. 9 жасар бала Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Алатау батыр ауылындағы Қызылқұм каналына суға түсіп жатқанда жоғалған.

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр тоғыз айда 70 адам суға кетіп қаза тапқан, олардың 42-сі – бала.