Apple iPhone-ның жаңа үш моделін таныстырды

Apple компаниясының жаңа өнімі - iPhone-X-ті таныстыру. Калифорния, АҚШ, 12 қыркүйек 2017 жыл.

Америкалық Apple компаниясы 12 қыркүйекте iPhone-ның бірден жаңа үш моделін жарыққа шығарды. Компания жетекшісі Тим Кук жаңа iPhone X-ті "үлкен секіріс" деп атады.

iPhone X жеңіл, жіңішке және ашық түсті. Ол 999 АҚШ доллары шамасында тұрады. Ал iPhone 8 және iPhone 8 Plus моделдері 699 және 799 доллар тұрады.

Телефонның үш түрі де сымсыз қуатталады.

iPhone X моделі 3 қарашада сатуға шығарылады. Ал "сегіздіктің" екеуі де осы айда сатыла бастайды.

Мұнан бөлек Apple тұсау кесерінде "ақылды сағаттардың" жетілдірілген түрлері мен теледидар үшін видеостриминг таныстырылды.