Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары "Қару саудасы туралы келісімді ратифициялау жайлы" заң жоасын мақұлдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі кешені вице-министрі Арман Рамазановтың парламентте айтуынша, Қазақстан жеті мемлекетке қару экспорттайды және Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының жартысына жуығының өнімдері экспортқа шығарылады.
Вице-министрдің сөзінше, сыртқа оқ-дәрілер, қару-жарақ пен әскери техника экспортталады. Ол Қазақстан қару-жарақты барлық халықаралық келісімдер мен стандарттарға сай экспорттайтынын, сондықтан келісімді ратификациялау экспортқа кері әсер етпейтінін айтады.
Қазақстан Қару саудасы туралы халықаралық келісімге 2013 жылы Нью-Йоркте қол қойған. Келісім халықаралық қару-жарақ саудасын реттеудің ортақ халықаралық стандарттарын бекіту және заңсыз қару сайудасының алдын алып, жолын кесу үшін қабылданған.