Экс-шенеунік Мусиннің судьяға қарсылығын қабылдамады

Бауыржан Мусин, дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы.

Астанада сот дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері бойынша комитетінің бұрынғы басшысы, коррупциялық қылмыс жасады деп айыпталған Бауыржан Мусиннің судьяға берген қарсылығын "негізсіз" деп қабылдамады

Мусин 7 қыркүйекте өткен сотта өз ісін қарайтын сот құрамындағы барлық судьяға қарсылқ білдірген. Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев талап-арызды "істің сотта қаралу тәртібі бұзылғандықтан" бергенін айтты. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, сот сонымен қатар прокурордарға қарсылық білдіру туралы талап-арызды да қабылдамай тастады.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бұған дейін Мусиннің "кәсіпкерден жүйелі түрде пара алғанын" мәлімдеген. Коррупцияға қарсы қызмет "Мусин алған параның жалпы көлемін 1,4 миллион теңге деп санайды. Министрлік Мусин ұсталған соң оның комитетте негізінен осы саланың қаржы-экономикалық мәселелеріне басшылық жасағанын мәлімдеген.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі былтыр күзде құрылған.