Еуропа лигасы: "Астана" "Вильярреалдан" жеңілді

"Астана" (көк формада) мен "Вильярреал" арасындағы ойыннан көрініс. 14 қыркүйек 2017 жыл.

Футболдан "Астана" командасы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізіп, сырт алаңда "Вильярреал" (Испания) клубынан жеңілді - 1:3.

Ойынның 17-минутында "Вильярреал" сапынан Николь Сансоне есеп ашқан. Ал 68-минутта "Астана" ойыншысы Юрий Логвиненко есепті теңестірген. 75 және 77-минуттарда испаниялық клуб сапынан Седрик Бакамбю мен Денис Черышев гол салып, есепті 3:1-ге жеткізді.

А тобындағы екінші матчта Праганың "Славия" командасы өз алаңында Израильдің "Маккаби Тель-Авив" клубын 1:0 есебімен жеңді.

"Астана" келесі ойынын 28 қыркүйекте өз алаңында "Славия" командасымен өткізеді.

Еуропа лигасында топта көп ұпай жинаған екі команда 1/8 финалға шығады. "Астана" бұл жарысқа үшінші рет қатысып жатыр. Қазақстандық клуб плей-офф кезеңіне шығып көрмеген.