Лондон метросы вагонында қоқыс жәшігі жарылды

Өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі мамандары Лондон метро желісінің жарылыс болған "Парснос Грин" станциясы алдында жүр. 15 қыркүйек 2017 жыл.

Британ ақпарат құралдары 15 қыркүйекте Лондонның оңтүстік-батысында метро вагонында қоқыс шелегі жарылғанын хабарлады.

Полиция метроның Лондон метросының Уимблдон бөліміне қарасты "Парсонс Грин" станциясында "төтенше оқиға" болғанын растады.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп, жедел жәрдем қызметі жаралыларға көмек көрсетіп жатыр.

Жарылыстан бірнеше адам жараланған, зардап шеккендер арасында беті күйіп қалғандар да бар.

Reuters агенттігінің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, кейбір жолаушылар жарылыс болғанда станциядан есі шыға, дүрлігіп жан-жаққа қашқанда да біраз адам зардап шеккен.

Лондон транспорт қызметінің шенеуніктері Twitter-де жарылыстан соң метроның бұл бөлімінде қозғалыс тоқтатылғанын хабарлады.