Алматыда қала күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

Алматы әкімі Бауыржан Байбек (сол жақта) пен ҰҚК бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев (ортада) қала күніне арналған салтанатты шарада. Алматы, 17 қыркүйек 2017 жыл.

Алматыда бүгін қала күніне арналған мерекелік шаралары өтіп жатыр. Тұңғыш президент саябағында жыл сайынғы дәстүрлі алма фестивалі өтті.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматы күні мерекесін салтанатты ашу рәсіміне Қазақстан қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаевпен бірге келді. Байбек Әбіқаевқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілгенін жариялап, оған қаланың құрметті азаматы белгісін табыс етті.

Сонымен бірге әкім Байбек Алматыда "Қоршаусыз қала" бағдарламасы табысты өтіп жатқаны және ол туралы өзіне тұрғындардан көптеген жылы пікірлер келіп жатқаны туралы мәлімдеді.

Тұңғыш президент саябағында алма, бал, тоқыма және майдагерлік өнімдер мен кәдесый бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жексенбі күні қаланың әр жеріндегі алаңдарда көркемөнерпаздар концерттері қойылып, кәсіби артистер өнер көрсетті.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар бүгін кешке дейін жалғасады.

Азаттықтың оқиға орнынан фоторепортажы:

Әбіқаев, Головкин және Алматыдағы алма фестивалі