Ақмола облысының Ақкөл ауданында 22 қыркүйекте тікұшақтың апатты жағдайда қонуы кезінде үш адам зардап шекті деп хабарлайды аурухана дәрігеріне сілтеме жасаған агенттіктер.
Азаматтық авиация комитеті бүгін таңертең Алматыда орналасқан "Тянь-Шань" әуе компаниясының Ми-2 тікұшағы Ақкөл ауданының Ақкөл кентіне жақын апатты жағдайда қонғанын, экипаж мүшелері тірі қалғанын хабарлаған.
"Бір адам интенсивті жансақтау бөлімінің терапия палатасында жатыр. Зардап шеккен ер адам денесінің 45 пайызын күйік шалған. Қазір оның жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Қалған екі адам болар-болмас жарақат алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілді" деген Tengrinews.kz сайтына Ақкөл ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамаша Сыздықова.
Ми-2 тікұшағы билік Ақмола облысындағы орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатқан кезде апатты жағдайда қонып отыр. "Интерфакс" агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап Ми-2 тікұшағының орманды қорғау жұмыстарын атқарып жүргенін хабарлады.