22 қыркүйекте Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Железнодорожный аудандық сотының судьясы Наталья Школьная журналист Николай Семенаны екі жарым жылдық шартты жазаға кесті. Оған кәсіби жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Семенаға "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақырды" деген айып тағылған.
Журналист "Радио Свобода" ақпарат ұйымының "Крым. Реалии" атты вебсайтында украин ұлтшылдарының 2015 жылғы қыркүйекте түбектің энергетикалық секторын бұғаттау әрекетін оң бағалағаны үшін жауапқа тартылған. Тергеу амалдары кезінде оның жазбасы "сепаратизм" деп танылған. Сот амалдары бір жарым жылға созылды.
"Азат Еуропа/ Азаттық Радиосының" президенті Том Кент Николай Семенаға қатысты шыққан сот үкімін сынап, "Қырымдағы тәуелсіз адамдардың үнін өшіру әрекеті" деп сипаттады.
Қырымнан Ресейдің аннексиясынан бұрын кетіп қалған және бірнеше журналиске айып тағылған. Қырым татарлары Мәжілісінің басшысы Рефат Чубаров пен орынбасары Ильма Умероваға қатысты сот үкімі 27 қыркүйекте Симферополь аудандық сотында оқылады.
"Азат Еуропа/ Азаттық Радиосының" президенті Том Кенттің Николай Семенаға қатысты шыққан сот үкімін айыптау сөзі
Your browser doesn’t support HTML5