Қазақстан екі ГЭС-ті мемлекет меншігіне қайтарды

Көрнекі сурет.

Қазақстан бұрын америкалық компанияның иелігінде болған Өскемен және Үлбі электр станцияларын мемлекет меншігіне қайтарып алды.

Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, 1 қазанда Қазақстан мен америкалық AES Corporation компаниясы арасында 1997 жылы 23 шілдеде жасалған концессиялық келісімнің күші аяқталып, екі концессиялық нысан - "AES Өскемен ГЭС-і" компаниясы мен "AES Үлбі ГЭС-інің" компаниясындағы 100 пайыздық үлес Қазақстан меншігіне өткен.

"AES Өскемен ГЭС-і" мен "AES Үлбі ГЭС-і" компанияларындағы мемлекет үлесін пайдалану мен иелік ету құқығы энергетика министрлігіне берілген.

Аталған компаниялардың бас директоры болып Асқар Балабатыров тағайындалған. Балабатыров бұрын KEGOC, "АлматыПауэрКонсолидэйтед", "Алатау жарық компнаиясы" және "Шығыс Қазақстан РЭК" компнаияларында қызмет істеген.