Қырғыз сайлауында Жээнбеков алда келеді

Дауыс беруге келген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен әйелі Раиса Атамбаева. Бішкек,15 қазан 2017 жыл

Қырғызстандағы президент сайлауында дауыс беру жергілікті уақытпен кешкі 20.00-де аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, алдын-ала нәтиже бойынша, 811 мыңнан астам дауыс жинаған бұрынғы премьер-министр, социал-демократ Сооронбай Жээнбеков алда келеді. Екінші орындағы тағы бір бұрынғы премьер, кәсіпкер, оңшыл-центрист Өмірбек Бабанов 504 мыңнан аса дауыс алған.

98 мыңнан астам дауыс жинаған оппозициялық саясаткер Адахан Мадумаров үшінші келе жатыр. Одан кейінгі бұрынғы премьер-министр Темір Сариевтің еншісінде 37 мыңдай дауыс бар.

Президент сайлауының қорытындысы сәт сайын жаңарып жатыр.