Тәжікстанда ЛГБТ мүшелерін тіркеуге алып жатыр

Көрнекі сурет.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі мен бас прокуратурасы ЛГБТ-ның (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) 370 мүшесін тіркеуге алған. "Олардың бәрі арнайы операция кезінде анықталды" деп хабарлайды бас прокуратураның ресми журналы.

Тізімде 319 гей мен 48 лесби бар. "Олардың гомосексуал екендері дәлелденді. Жедел есепке алынды" деп жазады басылым.

Тәжікстан ІІМ бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ аты-жөнін айтпауды сұраған құқық қорғау органдарының өкілі олардың бәрі "жезөкше" ретінде тіркелгенін әрі ВИЧ инфекциясын жұқтыру мүмкіндіктері жоғары екенін айтады.

2015 жылдың мамыр айында СПИД-пен күрес жөніндегі ғаламдық қор Тәжікстанда 30 мыңға жуық ер адамның ВИЧ және құрт індетімен ауыратынын мәлімдеген. Бірақ ІІМ оны жоққа шығарған.