Париж соты 17 қазанда суретші Петр Павленский мен оның серігі Оксана Шальгинаны қамаудан босатты. RFI радиосының хабарлауынша, оларға "жанғыш затты қолданып, қасақана өрт қою" айыбы тағылған.
Павленский мен Шалыгина Франция банкін өртеген соң оларды кеше полиция ұстаған. Акциясы туралы хабарламада Павленский "банкирлер монархтардың орнын басқанын" мәлімдеген. Ол "әлемде төңкеріс өртін тудырып, ақыр соңында Ресейді азат етуге" түрткі болатын жаңа "француз төңкерісін" жасауға шақырған. Өрт қою ісін тергеу аудандық полицияға тапсырылды.
Мамыр айында БАҚ Павленскийдің Франциядан саяси баспана алғанын хабарлаған. Ол 2015 жылы қарашада Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Мәскеудің Лубянск алаңында орналасқан ғимаратын есігіне бензин құйып өртеген соң бірнеше ай қамауда отырған. Ол 2016 жылы маусымда босатылып, үлкен көлемде айыппұл салынған. Бірақ суретші айыппұлды төлеуден бас тартқан.