Кентау қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімінің орынбасары Берік Қанатов "3,5 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде" ұсталды. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің хабарлауынша, Қанатов Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Хабарламада Берік Қанатов "өз қызметін асыра пайдаланып", 16-қазан күні "пара алу кезінде" ұсталғаны айтылған.

Бюро ақпаратына қарағанда, әкім орынбасары 3,5 миллион теңге параны "Кентау Құрылыс" жауапбершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығынан алған.