Мәскеуде "Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясына белгісіз адам басып кіріп, бас редактордың орынбасары Татьяна Фельгенгауэрді жаралап кетті. Радионың бас редакторы Алексей Венедиктовтің хабарлауынша, белгісіз адам журналиске пышақпен шабуылдаған. Журналист ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, Фельгенгауэрдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Шабуыл жасаған күдікті ұсталды.
Редакцияда полиция оқиғаны тексеріп жатыр. Расталмаған мәлімет бойынша, редакцияға екі адам шабуылдаған. Олар ғимаратқа кіреберісте тұрған күзетшіге баллоннан газ шашып, одан соң 14 қабатқа көтеріліп, журналиске пышақ ұрған. Ресей бас прокуратурасы оқиғаны "барып тұрған сорақылық" деп атады.
Кремль бақылауындағы "Газпром" мұнай компаниясына тиесілі "Эхо Москвы" радиостанциясы - Ресейде қалған аз ғана тәуелсіз БАҚ-тың бірі.