Астанада қазақ күресінен әлем біріншілігі басталды

Қазақ күресі. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Жарысқа Австралия, АҚШ, Бельгия, Камерун, Қытай, Литва, Ресей, Үндістан, Тәжікстан тәрізді әлемнің 39 елінен 160-тан аса балуан қатысып жатыр.

Олардың арасында дзюдодан әлем чемпионы және Еуропаның үш дүркін жеңімпазы грекиялық Алексиос Нтанатсидис,джиу-джитсуден әлем чемпионы бразилиялық Ренато Кардозо, күрестен Азия жеңмпазы тәжікстандық Хуршед Шарипов, грек-рим күресінен Панамерикан жарысының үш дүркін жеңімпазы боливиялық Морант тәрізді мықтылар бар.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының сапында Марат Нығматуллаев, Қуаныш Ысқақов, Қасымхан Төленбай, Ғалымжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Мұзафаров, Әділжан Ыстыбаев, Александр Косачев, Руслан Әбдіразақов пен Айбат Сейтен сынды тоғыз балуан сынға түседі.

Қазақ күресінен әлем чемпионаты екі күнге жалғасады.