Бакуде оппозиция жемқорлыққа қарсы шеру өткізді

Жемқорлыққа қарсы акцияға қатысушылар. Баку, 28 қазан 2017 жыл.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында сенбі күні оппозиция ұйымд астырған жемқорлыққа қарсы шеруге жүздеген адам қатысты. Акция кезінде билікке түрмеде отырған саяси тұтқындарды бостандыққа шығару туралы талаптар да айтылды.

Жиналған жұрт алдында сөйлеген Әзербайжан халық майданы партиясының жетекшісі Әли Каримли биліктің жоғарғы сатысындағы жемқорлықты айыптап, "соның кесірінен халық мұнай экспортынан түскен кірістің игілігін көре алмай отыр" деп мәлімдеді.

Бакудегі қарсылық шеруі туралы видео (28 қазан 2017 жыл.)

Your browser doesn’t support HTML5

Әзербайжан оппозициясы Бакуде жемқорлыққа қарсы шеру өткізді

Құқық қорғаушы Огтай Гүлалыев азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары шектеліп, қамау орындарында тұтқындар азапталатыны туралы айтқан. "Тәуелсіз, оппозициялық сайттар бұғатталады. 160-тан астам саяси тұтқынның 20-ға жуығы – журналистер мен блогерлер. Саяси тұтқындар саны бойынша Әзербайжан Еуропада көш бастап тұр", - деп мәлімдеген Огтай Гүлалыев.

Әзербайжанның түрлі оппозициялық партиялары мен қозғалыстарын біріктірген Демократиялық күштер ұлттық кеңесі ұйымдастырған қарсылық акциясы биліктің келісімі бойынша өткен.

Полицияның мәліметінше, шеру қақтығыс-жанжалсыз, бейбіт түрде өткен.