Нью-Йорк полицияси қалада қарашаның 5-і күні өтетін марафон қарсаңында қауіпсіздік шарасы бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін күшейтілгенін хабарлады.
Марафонға 50 мыңнан аса адам қатысады деп күтілген. Бір миллионға жуық көрермен жиналуы мүмкін.
Бұл марафон - 31 қазан күнгі Манхэттен ауданындағы 8 адамның өліміне себеп болған террорлық шабуылдан кейін өткізіліп тұрған тұңғыш бұқаралық шара. Осы теракт Бүкіләлемдік сауда орталығындағы 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі ең қанды шабуыл ретінде аталады.
Марафон қауіпсіздігін 35 мыңға жуық полицей қамтамасыз етеді.