Ресей президенті Владимир Путин үкіметке Өзбекстанмен әскери өнімдерді мақсатты пайдаланылуын қадағалау тәртібі туралы келісімге қол қою жөнінде келіссөз жүргізуді тапсырды. Бұл туралы өкім мемлекеттік құқықтық ақпарат сайтында жарияланды.
"Ресей мен Өзбекстан арасында 2016 жылы 29 қарашада жасалған әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясында жеткізілетін әскери өнімдердің мақсатты түрде қолданылуын қадағалау ережелері туралы Ресей мен Өзбекстан арасында келісім жасасу бойынша келіссөз жүргізуге ұсыныс қабылдансын" делінген құжатта.
Келіссөз аяқталған соң Ресей үкіметіне аталған келісімге қол қою туралы шешім қабылдау тапсырылған.
Ресей мен Өзбекстан арасында әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім өзара әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізу ережелерін анықтайды.