Шымкент қаласының әкімі қызметіне Нұрлан Сауранбаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімдемеде: "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен қалалық мәслихаттың келісімімен Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған деп жазылған.
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бір апта бұрын "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне тағайындалған еді.