Алматыда адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро кеңсесінде оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдиннің "Ұстаз" деп аталатын кітабы таныстырылды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кітап саясаткердің 80 жасқа толуына орай шығарылған. Кітапта Серікболсын Әбділдиннің кәсіби маман болып қалыптасуы, жер, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты ойлары, мен сұхбаттары берілген.
Кітапты таныстыру шарасына автордың өзі, оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, құқық қорғаушы әрі журналист Андрей Свиридов, кітапты құрастырған журналистер Ермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай қатысты.
Таныстыруда Әбділдин өзінің 30 жылдан астам уақыт ұстаздықпен айналысқанын, бұл кітап соның сол қызметінің қорытындысы іспеттес екенін айтты.